USD 462.87
EUR 540.72
RUB 6.16
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматы облысында қар халықты әбігерге салды

  • 07.қазан.2020, 13:15,
  • 474

Қалың қар салдарынан көліктер асудан өте алмай қалды.

Алматы облысындағы Кеген асуында қардан қаңтарылған көлік саны - 27. 

Темір тұлпарлар тұрып қалған жерінен түсірілген видео Instagram желісіндегі kris.p.online парақшасында жарияланды. Ролик авторы Алматы қаласынан 200 шақырым қашықтықтағы Кеген ауылындағы асу тұрғанын айтады. Кадрдан қардың жерді көміп тастағанын көруге болады.

"Мына асуда жазғы дөңгелекпен қалдық", - деді роликті түсіріп тұрған жігіт көліктерді санап.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіндегілер 6 қазанда сағат 16.40-та Кеген - Ақсау жолындағы 15-шақырымда қар салдарынан көлік кептеліп қалғанын мәлімдеді.

"Кеген ауданы ТЖ бөлімінің мамандары оқиға орнына келгенде жазғы доңғалақпен жүрген көліктер жеті-сегіз сантиметрлік қар салдарынан төбеге көтеріле алмай тұрғанын анықтады. Асуда 27 көлік тұрып қалған, оның алтауы - жүк көлігі", - деде ведомстводағылар.




#алматы #қар #көлік #ауарайы 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930