USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Армениядан әкелінген көліктер уақытша тіркеуге қойылды

  • 03.июля.2020, 19:30,
  • 369

Алматы облысында осы уақытқа дейін Армениядан келген  102 көлік тіркелген. 

Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Таңатаровтың айтуынша, тіркеуден өткен көлікті елімізде еш кедергісіз пайдалануға болады.

"Тұрғындарға армениялық көліктерді елімізде міндетті тіркеу қажет екені түсіндірілді. Осы уақытқа дейін Алматы облысында 102 көлік тіркеуден өтті. Шетелдік тіркеудегі көлік иелері темір тұлпарларын Қазақстанда тіркеуден өткізудің артықшылықтарын жете түсінуі тиіс. Өйткені, тіркеуден өткен көлікті елімізде еш кедергісіз пайдалануға болады",- деді ол.

Ведомство өкілінің айтуынша көлікті уақытша тіркеуден өткізуге шамамен 12 мың теңге төлем жасалады. Армения елінен әкелінген көліктерді тіркеу қыркүйек айына дейін жалғасады.

"Армениялық көлік иесі атанған облыс тұрғындарын осы мүмкіндікті пайдаланып, елімізде тіркеуден өткізуге шақырамын. Көлікті тіркеуге қатысты кез келген сұрақтар бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінуге болады",- деді полиция полковнигі.


Еске салайық, 2019 жылы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Армения, Қырғызстан және Ресейдің көліктерін бақылауға алып, уақытша тіркеуге алуды ұсынды.


#көлік #алматы #армения #уақытша #көліктіркеу #полиция 


скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930