USD 540.18
EUR 628.93
RUB 6.68
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

СҚО-да жазу білмейтін ана мен бала анықталды

  • 13.қыркүйек.2020, 15:09,
  • 396

СҚО-да хат танымайтын және құжаты жоқ ана мен бала табылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында фермерлік шаруашылықтың бірінен 1988 жылы туған әйел мен 8 жасқа таяған бала табылды. Анасы мен қызының ешқандай құжаты жоқ, хат танымайды. Әйел сөйлесуден бас тартқан, бірақ Әйелдерді қолдау орталығындағы қызметкерлердің көмегі арқылы полицейлер оны тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендер үйіне жеткізген.

"Қызы мектепке бармаған, ойыншықтың не екенін білмейді. Қазір анасы мен баласына мединициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Өзінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қазір оның кім екенін анықтау және құжат жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді СҚО ПД Криминал полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

Олар Криминал полиция қызметкерлері Әйелдерді қолдау орталығымен бірлесе атқаратын профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде табылған. Бір азамат Қазақстан дағдарыс орталықтары одағының адам сатуға қарсы қызметінің жедел желісіне (116-16 нөміріне) хабарласқан және олар әрі қарай СҚО полицейлеріне жеткізген.




#сқо #ана #бала #құжат 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930