USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Карантин қайтадан енгізіле ме?

  • 14.қыркүйек.2020, 12:17,
  • 316

Алексей Цой Қазақстандағы коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына қатысты пікір білдірді.

«Жағдайдың тұрақтылығына қарамастан біз төсек қорын кеңейтіп, дәрі-дәрмектер сатып аламыз. Және жеке қорғаныс құралдарымен, маскалармен қамтамасыз етеміз. Қазір екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Әрине, біз үшін ондай толқынның болмауы өте маңызды.

Ең маңызды факт - бұл әлеуметтік дистанция және маскалар. Біз аурудың 30 пайызы маска киюге, 40 пайызы әлеуметтік арақашықтықты сақтауға байланысты екенін бірнеше рет айтқанбыз. Өкінішке қарай, біздің азаматтар көпшілік шоғырланған жерлерде әрқашан маска кие бермейтінін байқаймыз. Сондықтан біз сіздерді осы ережені сақтауға шақырамыз», - деді Цой.

Сонымен қатар ол әр адам бұл жағдайға ықпал ете алатынын айтты.

«Екінші толқынға дайындық пен профилактикалық және ағарту жұмыстарына дайындық денсаулық сақтау жүйесіне байланысты. Ал, қалғанының бәрі біздің жауапкершілігімізге қарай», - деді министр.

Айта кетейік бұған дейін 20 қыркүйектен бастап Қазақстанда қатаң карантин ережесі енгізілетіні туралы айтылған. Оған қатысты Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова түсініктеме берді.

«Карантиндік шаралар әлі де күшінде. Қазір карантин шараларын қатаңдату туралы алдын-ала болжам жоқ. Бәрі де болашақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Біз жағдайды тек елде ғана емес, сонымен қатар әр облыста және ауылда күнделікті бақылап отырамыз», - деді Есмағамбетова.

Сонымен қатар ол тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.


#карантин #коронавирус #екіншітолқын #цой 


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.09.2020
06.09.2020
19.08.2020
28.04.2020
18.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930