"Аурудың таралуын болдырмау және оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күнгі локдаун сақталады.
Министрлік күзгі маусымға дайындықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр, ел бойынша төсек саны - 54 178. Бұл 16 304 инфекциялық төсек. Салынып жатқан нысандарда 2790 жаңа және басқа стационарларда 32 064 төсек бар. Реанимациялық төсек саны барлығы - 2981.
9 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 19 066 инфекциялық төсек бар. Реанимациялық төсектердің 14 пайызы бос емес", - деді министр Алексей Цой Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарларда 3379 өкпені жасанды желдету аппараты бар, қосымша тағы 2619 аппарат бар.
#локдаун #карантин #эпидемия #пандемия