"Комиссияда өмірлік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын белгілеу құзіреті бар. Дүрбелең болмауы үшін қара нарықта екі есе қымбат тұратын маскаларды өз құнынан төмен бағаға сатуға мәжбүрлей алмаймыз. Сондықтан біз бірыңғай әділ баға белгілейміз. Бірақ кез келген алыпсатарлық қатаң жазаланады, үлкен айыппұлдан бастап қылмыстық жауапкершілікке дейін бар. Біз мұндай ұсынысты енгіздік. Қазіргі уақытта Үкімет мұны заңгерлермен бірлесіп қарастырып жатыр", - деді министр.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін маска кию қажет болған жоқ.
"Біз сатып алудың қажеті жоқ деп талай айтқан болатынбыз. Бірақ адамдар жаппай сатып алды. Біреулері сауда жасай бастады. Кейбіреулерін алып кетуге тырысқан жерінен шекарада анықтап, тыйым салдық. Біз маскамен проблема бар екенін мойындаймыз, өйткені қазір олар сізге ұжымға, жұмысқа, әлеуетті науқастар бар жерге барғанда қажет. Егер адам үйде карантинде отырса, онда оған қажет емес. Өндіріс екі есе өсіп, тігін цехтары іске қосылды. Бетперде қажеттілігі төмендейді. Қазір қызметтер әлі де қосылуда. Біз оларды қамтамасыз етуіміз керек", - деді министр.