USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтан тұрғындары үйінің маңындағы құрылысқа қарсы

  • 08.қыркүйек.2020, 16:12,
  • 467

BI Group компаниясы құрылыс салатын алаңқайды қоршап, сыртына "мемлекеттік мектеп" деген жарнама іліп қойған.

Қолдарына "енді қайда ойнаймыз?", "мынадай жағдайда қалай сабақ оқытамыз?", "президент бізді естиді деп үміттенеміз" деген жазуы бар плакат ұстап шыққан тұрғындар "қарсымыз!", "Тоқаев, бізді тыңда" деп айқайлады. Бірнеше полиция қызметкері жиналған тұрғындарды сырттай бақылап тұрды. Кейбір тұрғындар балкондарына " Тоқаев, бізді тыңда", "Құрылысқа қарсымыз" деген жазуы бар плакат іліп қойды.

"Номад" көпқабатты үйінің тұрғыны Мұхтар Түгелов тұрғындардың бастамашыл тобы атынан сөйлеп, мамыр айынан бері 700 адам қол жинап, әкімдік пен президентке тапсырғанымен әлі күнге ешкімнің назар аудармағанына қынжылды.


- Үш мәрте әкімдікпен кездестік. Бізге өзара келісім болмай, ешқандай құрылыс болмайтыны айтылған. Бірақ біз жауап ала алмаған маңызды бір сұрақ бар. Ол - осы құрылыстың заңдылығы. Прокуратураға да, сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне де, қалалық сәулет құрылыс басқармасына да жаздық. Әзірге тұщымды жауап жоқ, - дейді ол.


Жиналғандардың барлығы оны қолдап, бірнеше тұрғын үй жинақталған аудандағы №59 мектеп маңынан қосымша құрылыс салғанымен оның әсері жоқ екенін, бала санының бар болғаны 3 пайызға азайғанын айтты. Араларында құрылыс компаниясын қолдағандар да болды.

BI Group компаниясы құрылыс салатын алаңқайды қоршап, сыртына "мемлекеттік мектеп" деген жарнама іліп қойған. Бірақ тұрғындар оған сенбейтіндерін және құрылыс компаниясы көпқабатты үймен қоса жоспарлаған 900 орындық мектеп аудан проблемасын шешпейтінін айтты. Тұрғындардың айтуынша бұл жерге 2000-нан кем емес орындық мектеп қажет


- Біз тұрғын үй құрылысына қарсымыз. Оның орнына бұл жерге сая бақ пен оқушылар сарайын салсын. Біздің талабымыз осы. Егер біз бұған дейін жиналып, құрылыс жұмысына кедергі келтіре алсақ енді оны тоқтатуға да күшіміз жетеді, - дейді Олжас Біләлов.


"Номад" кешенінің тұрғыны Анар Бекбауова учаскелік полицияның үйіне барып, баласынан балконына іліп қойған плакатты алып тастауды талап еткенін айтып, құқық қорғау органы өкілі әрекетіне наразылық білдірді.


- Біздің балаларымыз ешқашан бұл елде көшбасшы бола алмайды. Себебі, олар оқитын мектепте білім деңгейі өте төмен. Оқушылар сарайы болмағандықтан бос уақыттарын қалай өткізетіндерін білмейді. Көп әйелдер балалары үшін жұмыссыз үйде отыруға мәжбүр. Өйткені, олар балаларын қаланың екінші шетіндегі үйірмелерге апарады, - дейді ол.


Азаттық тілшісі қала билігімен де, BI Group компаниясы өкілдерімен де сөйлесе алмады.

Нұр-Сұлтан қаласының сол жақ жағалауындағы бір бірімен иін тересе орналасқан "Номад", "Сармат", "Инфинити" көпқабатты үй тұрғындары биылғы мамырда да дәл осы талаппен жиналған еді. Ол жолы да Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Азаттықтың тұрғын үй құрылысын салуға берілген рұқсат туралы сауабына жауап бермеген болатын. Ал ВI Group компаниясының өкілі құрылыс компаниясының тұрғын үй салу туралы жоспары қаланы дамытудың бас жоспарында қарастырылғанын айтқан еді.

Интернеттегі ашық ақпарат көздеріндегі дерекке сүйенсек, BI Group компаниясы халық қарсы болған Қабанбай батыр - Сығанақ көшесі қиылысындағы бос тұрған алаңдағы салынуы тиіс тұрғын үй құрылысының үлесін сатуды бастап та жіберген.



#құрылыс #дау #шу #елорда #нұр-сұлтан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2020
25.08.2020
25.12.2019
11.10.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930