Әкімдік шағын аудандағы №1/179 тұрғын үй қисайған соң, ондағы барлық тоғыз қабатты үйді тексеруге шешім қабылдаған. Ол үшін Алматы қаласының қолайлы қалалық орта басқармасы "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ-мен келісім шартқа отырған. Жұмыс осы жылдың соңында аяқталуы керек.
"Бүгінде 6 үйге қатысты (1/180, 1/160, 1/161, 1/165, 1/167, 1/168) сараптама қорытындысы шықты. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ қорытындысына сәйкес, осы үйлердің іргетасын нығайту керек. Тұрғын үйлердің іргетасын нығайту жұмысы тұрғындарды көшірмей жүзеге асырылады. №1/160, 1/161 үйлерде іргетасын нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Құқық қорғау органдары үйдің неге қиғайсағанын әрі бұл іске жауаптыларды анықтап жатыр.
Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Алматыдағы № 179 тұрғын 31 сантиметрге қисайған. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ бұл ақпаратты растаған.
#алматы #үй #апатты #қисайды #жөндеу