Жиналғандардың айтуынша, олар Қазақстанға жүк тасымалдаумен айналысады.
"Мұндағы проблема - Қазақстанның мемлекеттік органдарының тарапынан жүргізушілерге қысым көрсетіліп жатыр. Жүргізушілерді жол бойында тоқтатады. Жол қозғалысы ережелерін бұзасақ, хаттамалар толтырып, заң аясында айыппұл төлейміз. Бірақ қазір олар бізге соңғы екі-үш жылдағы айыппұлдардың хаттамаларын береді, біз ол жайлы білмейміз де. Сонымен қатар, бізді тоқтатқан кезде барлық мәліметті алып алады да кейін бізді суретке түсіреді. Бірақ біз ереже бұзды делінген хаттамалардағы күнді қарасақ, ол кезде біз Қазақстан аумағына кірмегенбіз. 230 мың сом көрсетілген хаттамалар бар, ең аз деген айыппұл - 12 мың сом. Бүгінде айыппұл төлемеді деген себеппен 10 адам депортацияланды. Біз басқа елдің аумағында жол ережелерін бұзбауға тырысамыз", - дейді жүргізушілердің бірі.