USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды

  • 03.июля.2020, 14:32,
  • 486

Полиция инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусымда Қарағандыда коммерциялық фирманың ақшасын банкке апара жатқан инкассатор автокөлігіне шабуыл жасалды.

Шабуыл алдын ала жоспарланған. Қылмыскерлер қала көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасын ұйымдастырып, қарумен қорқыта отырып инкассаторлардан 70 миллион теңге алып қашқан.

Жедел-тергеу тобы автомобильге шабуыл жасағандарды және олардың орналасқан жерін анықтады. Қылмыскерлер әртүрлі бағытта жасырынуға тырысқан, сондықтан оларды ұстау бойынша арнайы операция бір уақытта Қазақстанның бірнеше қаласында өткізілді.

Күдіктілердің бірі автотрассада, қалғандары - барған жерінде ұсталды. Инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Қарағанды облысының үш тұрғыны ұсталды.

Тінту барысында ұрланған қаражаттың бір бөлігі - 30 миллион теңге және газ тапанша тәркіленді. Қылмыстық топтың төртінші қатысушысына іздеу жарияланды.


#қылмыстықтоп #полиция #инкассатор #қарағанды  

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.02.2020
26.02.2020
21.11.2019
21.08.2019
24.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30