25 тамызда Маман көшесінде азаматтар қақтығысқа түсті, біреуі қару алып оқ атты.
"Атыс нәтижесінде қақтығысқа қатысқан төрт адам жараланып, біреуі ауруханаға келген соң көз жұмды. Күдіктілер оқиға болған жерден ізін суытты. Елордалық полиция қызметкерлерінің жедел қабылдаған шаралары нәтижесінде аталған дерек бойынша екі күдікті бір тәулік ішінде ұсталды", - деп хабарлады департамент өкілдері.
Қазіргі уақытта олар Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл оқиғаға қатысты барлық адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.