USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Семейде қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

  • 11.августа.2020, 09:00,
  • 340

Автобус жүргізушілеріне шілде айынан бері жалақы төленбеген.

"Бүгін сағат 6.30-да SEMEY BUS ЖШС-ға тиесілі 104 рейстің көлігі шығу керек еді. Алайда автобус паркінің жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартқаны белгілі болды", - деді Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов.

Оның айтуынша, жүргізушілер шілде айының жалақысын толық төлеуді талап еткен. Карантин шараларына байланысты олардың айлығы жұмыс сағаттарын қысқарту түрінде төмендетілген. Олар бұған келіспей, толық төлеуді талап еткен.

Кондуктордың көбі электрон төлем жүйесі енгізілгеннен кейін қысқартылған. Бірақ кейде жүргізушілер кондуктордың жұмысын атқарады. Олар сол үшін қосымша ақы талап етті. 



#семей #автобус #жалақы #шу #наразылық 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031