USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада 3 тамыздан бастап автобустар жүре бастайды

  • 01.августа.2020, 14:00,
  • 600

Нұр-Сұлтанда автобустар 3 тамыздан бастап жұмысын бастайды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.  

"Карантин кезеңіндегі қоғамдық көлік жұмысының дайындық барысымен таныстым. Жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес 3 тамыздан бастап автобустардың қозғалысы қайта жанданады. Жолға тек қаланың ішінде жүретін бағыттар шығады. Ал қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын маршруттар әзірге шықпайды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді", - дейді әкім. 

Көлгінов маскасыз қоғамдық көлікке кіруге тыйым салынатынын айтты. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті рейдтер өткізіп, жүргізушілердің де, жолаушылардың да маска режимін сақтауын тексереді. Жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз жіберуге қатаң тыйым салынады.

Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

"Пандемия кезінде біздің жүргізушілер медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа тасымалдады. Жүргізушілер коронавируспен күресуге айтарлықтай үлес қосып жатыр.

Бүгін оларды келе жатқан көлік қызметкерлері күнімен құттықтадым. Олардың еңбегінің арқасында қала тұрғындарының жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Автопаркті жақсартуға ерекше назар аударамыз: 100 электроавтобус сатып алынды, қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, жаңа бағыттар ашылды", - деді Көлгінов. 


#нұр-сұлтан #көлгінов #автобус #карантин 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.07.2020
19.07.2020
06.04.2020
31.03.2020
02.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930