USD 538.53
EUR 623.94
RUB 6.59
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алакөлге бара жатқан автобус жанып кетті

  • 12.июля.2019, 19:30,
  • 686

Семейден Алакөлге жол жүрген автобус өртке оранды. Зардап шеккендер жоқ.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 12 жолаушысы бар «Lifan» маркалы автобус «Таскескен-Бақты» тасжолында отқа оранған.


"Қызыл жалын көліктің қозғалтқыш бөлігінен тұтанып, кейін дөңгелектері мен автобус ішіне жайылған. "Автобус ішінде 12 жолаушы болған. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Олар жолай өзге көліктерге отырып, діттеген жерлеріне жетті. Өрт болған жерде Үржар ауданындағы №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп, таңғы сағат 6.30-да тілсіз жауды ауыздықтады. Өртке көлік иесінің абайсыздығы себеп болуы мүмкін", - деді департамент өкілдері.

скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
Тағы да оқыңыздар:
10.07.2019
08.07.2019
02.07.2019
24.06.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031