БҚО төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 тамызда Сырым ауданы Талдықұдық ауылында дауыл 11 үй және 10 ауыл шаруашылығы нысанының шатырын ұшырғаны туралы хабар түскен. Ал дауыл 5 тамызда соққан.
Сондай-ақ, бұл ауылда электр сымдары үзіліп, 30 үй жарықсыз қалған.
Сонымен қатар, 5 тамызда Ақжайық ауданы Жубан ауылында қатты жел соғып, ондағы ғимараттың шатырын ұшырып әкеткен. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Мамандар шығынның мөлшерін есептеп жатыр.
#дауыл #шатыр #бқо #жел #ауарайы