Күндіз 19 тамызда Батыс Қазақстан облысында 31-360С қатты ыстық күтіледі. Орал қаласында күндіз 19 тамызда 34-360С қатты ыстық болады. "Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізілсін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланысжүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін. ТЖ жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтірілсін, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылсын, күрделенген жағдайда, ТЖ қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112", - делінген ескертуде.
Ал 19-21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 19, тәулік бойы 20-21 тамызда дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең 20-21 тамызда кей жерлерінде тұман болады. Көкшетауда таңертең және күндіз 19 тамызда найзағай күтіледі.