USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Аягөздегі дауылдан 7 адам зардап шекті

  • 17.июня.2020, 18:00,
  • 526

ШҚО-ның Аягөз қаласында қатты желдің салдарынан 7 адам зардап шекті. Бұл туралы өңірдің ТЖД хабарлады.


"Ағаштардың құлауына байланысты электр желілері үзіліп, 9138 абонент жарықсыз қалған. Оқиға орнында "ШҚ АЭК"-ның 5 жедел бригадасы жұмыс істеуде", - делінген хабарламада.


Секундына 28 метр жылдамдықпен соққан жел ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырын ұшырып әкеткен. Нақты айтқанда, екіқабатты 19 тұрғын үй, 72 жер үй, 4 мектеп, балабақша мен орталық аудандық аурухананың шатырына зақым келді.


Құлаған бұталар мен сынған әйнектерден жарақат алған 7 адам қалалық ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде 6 адамға медициналық көмек көрсетіліп үйлеріне қайтарылса, біреуі ауруханаға жатқызылды. Қазірде жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия желдің нақты қанша ғимаратқа залал келтіргенін анықтау үстінде.


скачать dle 12.0
Фото авторы : holanews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031