Бүгін сағат 16:15 шамасында 34 жастағы жүргізуші мінген "Хонда" автокөлігі алдын ала болжам бойынша "Четская" көшесінен "Бұқар жырау" көшесіне шыға берісте басты бағытта келе жатқан "Шаулин" маршруттық автобусымен соқтығысқан. Автобусты 32 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан.
"Жол көлік оқиғасының салдарынан 11 адам әртүрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жол көлік оқиғасы кезінде қоғамдық көлікте 30 адам болған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деді оқиға орнынан облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.