USD 443.35
EUR 475.54
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Отандық курорттарында бос орын жоқ

  • 28.июля.2020, 18:17,
  • 355

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков Қазақстандағы барлық курорттық орындарда осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін бос орындар қалмағанын мәлім етті



«Еліміз төтенше жағдайдан шыққаннан кейін туристік бизнес саласында біздің министрлік Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, қызмет көрсетушілер мен демалушылардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, карантиндік шектеулер жағдайында курорттар, демалыс аймақтары мен шипаэайлар жұмысының алгоритмін жедел әзірледі. Аталған алгоритмдер орналасу орындарының барлық меншік иелеріне жеткізілді. Айта кетерлігі, бизнес бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, туристік маусымның басталуына дайындалу, қорғаныс құралдарын сатып алу, нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық талапты сақтай отырып, жұмысты ұйымдастырды», - деді Дастан Рысбеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, қалалар мен облыстардың әкімдіктерінде туристік нысандарды қабылданған алгоритмдерге сәйкестігін тексеретін тұрақты мониторинг топтары құрылған.


«Осылайша ішкі туризм саласында жұмыс істеуге және клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік берілді. Біздің мәліметтеріміз бойынша барлық курорттық орында осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін броньдау үшін бос орындар қалған жоқ», - деді ол.


#курорт #індет #бурабай #демалыс #туризм



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.06.2020
26.06.2020
23.06.2020
25.05.2020
04.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930