Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, соңғы екі аптаның ішінде жағдай тұрақталып келеді. Республика бойынша науқастар санының өсуі 7 проценттен аспайды.
"Жалпы, карантиндік шаралар өз нәтижесін берді. Осы орайда барлық қазақстандыққа сақтық шараларын сақтағаны үшін алғыс айтқым келеді. Соның арқасында біз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып алдық", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.
Бас санитар дәрігер қазіргі статистиканы ескере отырып, карантиндік шараларды бірте-бірте жеңілдету керек екенін атап өтті.
"Біз біртіндеп күнделікті өмірімізге көшуіміз керек. Бірақ карантиндік шаралар елдегі жағдайға қарай өзгереді. Осындай жұмыстың арқасында біз науқастардың күрт көбейіп кетуіне жол бермедік, медицина саласына салмақ түспеді. Енді науқастардың санына қарай карантинді де жеңілдетуге болады", - деп түйіндеді Есмағамбетова.