Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, колледж студентін зорламақ болған күдікті ұсталған.
Зардап шегуші шамамен сағат 09:45-де інісін алып кету үшін мектепке бара жатқан.
Жолда оған мас күйдегі белгісіз еркек жолыққан. Күдікті қыздың бетінен ұрып, тасалау жерге сүйрей бастаған. Қарсылық танытқан қыз көмекке адамдарды шақырған. Нәтижесінде қыз сытылып шыққан.
Аталған жайт жайында ақпарат түскен сәтте бірден оқиға орнына шолғыншы полиция жасағы жіберілген. Төңіректі шолып қарау барысында аталған қылмысты жасады деген күдікпен 42 жастағы елорда тұрғыны ізі суымай ұсталды. Оны зардап шегуші де таныған.