USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бурабайда полиция бастығы апат орнынан қашып кеткен

  • 29.мамыр.2020, 09:30,
  • 427

Ақмола облысы Бурабайда жылдамдықты шамадан асырған полиция қызметкері адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.



Мерт болған азамат төлем терминалында жолақысын төлеп тұрған еді. Жаяу жүргінші 40 метрдей ұшып кетті, денесі бөлшектенген. Ал полицей оқиға орнынан жоғалып кетті.

"Мұсылмандық жолмен шаңырағында бір түнетіп, арулап барып жерлей алмадық", - деді марқұмның туысқандары.

Жүргізуші болып істеген Нұрлан Жүнісовтың денесі бөлшектеніп қалған, мәйітханадан әкеле есік алдынан жөнелткен. Оқиға орнынан қашып кеткен Макинск қалалық желілік полиция бөлімшесінің бастығы болып шықты. Басшылары оны қызметінен шығарып жіберген.

"Көліктегі полиция департаменті бастығының ағымдағы жылғы 27-мамырдағы бұйрығымен Макинка станциясындағы желілік полиция бастығы, майор Роллан Қанғожин ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімінің бастығы атқарып отырған лауазымынан босатылды", - деді ҚР ІІМ Көліктегі ПД баспасөз хатшысы Ләззәт Қасымжанова.

скачать dle 12.0
Фото авторы : КТК
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031