Бұл туралы Ph.D. докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрiгер-кардиолог Дауренбек Нысанов facebook парақшасына жазды.
Кейбiреулер "мен КВИ жұққан соң ауырдым. Одан емделiп, сауықтым. Ендi менде КВИ-ге антидене бар. Маған ендi КВИ жұқпайды. Мен маска тақпаймын, басқаларға менен жұқса, жұға берсiн" деп айтады екен. Осындайларға айтарым: 45-50 күнге дейiн оқшаулан, маска тағып жүр. Басқалардың обалына қалма! Есiңде болсын! Маска тақпасаң өз өмiрiңе де, басқалардың өмiрiне де қауiп төндiресiң! - деп жазды дәрігер.
Оның айтуынша, ауырған адамда КВИ-дiң 1-2 штаммасына ғана антитела болуы мүмкiн. Дәл сол сияқты басқа бiреу КВИ-дiң сіздегідей антиденесі жоқ басқа штаммасын (мутацияға ұшыраған басқа түрiн) жұқтыратын болса, одан аман қалмайсыз.
Өйткенi КВИ-мен ауырып, жазылғандардың өкпесi фиброздық өзгерiске ұшырайды. Өкпе тіні неше процент фиброзға ұшыраса, сонша пайыз өкпе тіні iстен шығады. Ал сау қалған жерiн коронавирустың мутацияланған жаңа түрi зақымдайтын болса, одан аман қалу мүмкiн емес, - дейді Дауренбек Нысанов.
Оның айтуынша, коронавирустың ең жаманы бiр адамнан екiншi адамға тасымалданған сайын мутацияланған жаңа түрiне айналып, өзгерiп отырады. Сол себептi, бiреуге жұқтырсаң өзгерген түрi өзiңе қайта жұғуы да мүмкін.
Оның үстiне, халқымыз жаппай ауырса, экономикамыз да құлдырайды, елдiң жағдайы нашарлайды. Сондықтан осы КВИ iндетiнен құтылу жолын қарастырайық! Алдымызда әлi күз бар, қылышын сүйреткен қыс бар. Күн суытқан кезде тұмау, грипп эпидемиясына КВИ қосылса, аман қалу екi талай. Егер бiз КВИ-дi жұқтырмау шараларын дұрыс қолдана бiлсек, аман қаламыз, КВИ-дi жеңемiз, - деп жазды дәрігер.
#коронавирус #медицина