"Қазақстандықтар аурудың алдын алу және емдеу тәсілі ретінде дәстүрлі емес тәсілдерге жүгінеді - ит етін жейді, шөп шегеді. Медициналық тұрғыдан бұл әдістер пневмония кезінде қаншалықты тиімді екенін түсіндіріп беріңізші?", - деді журналист.
Жоғары санатты пульмонолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова тек тексерілген әдістерге сену керегін айтты.
"Бізде бұл халық емінің тиімділігі дәлелденбеген, өйткені ешкім ешқашан бұл тағамның қаншалықты пайдалы екенін зерттемеген. Ешкім салыстыру жүргізген жоқ. Біз қарап отырған пациенттердің көп болуына байланысты, біреу осы халық әдістерін қолданғаннан сиқырлы әсер алды деп айта алмаймыз. Біз жақсы, айтарлықтай айқын әсер байқамадық. Неліктен? Өйткені бұл нәрселерді қолданатын науқастар басқа, әдеттегі, фармакологиялық заттармен белсенді түрде емделеді. Тағы иммунитетке мән беру керек, себебі науқас оларды қабылдамай-ақ, өзі жазылып шығуы мүмкін еді. Яғни мұндай сынақтар жүргізілген жоқ. Біз медицинаға тек дәлелмен қарауға үйренген адамдармыз. Бұған дәлел жоқ, сондықтан қандай да бір әдістерді кеңінен жарнамалай алмаймыз", - деді Наталья Латыпова.
#итмайы #темекі #дәрігер #коронавирус #қазақстан