USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирус жұқтырғандар 45-50 күнге дейiн оқшауланып, маска тағып жүруі керек - дәрігер

  • 18.июля.2020, 12:30,
  • 389

Сенде КВИ-дiң 1-2 штаммасына ғана антитела болуы мүмкiн. Дәл сен сияқты басқа бiреу саған да КВИ-дiң сенде антиденесі жоқ басқа штаммасын (мутацияға ұшыраған басқа түрiн) жұқтыратын болса, одан аман қалмайсың. 

Бұл туралы Ph.D. докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрiгер-кардиолог Дауренбек Нысанов facebook парақшасына жазды.
 

Кейбiреулер "мен КВИ жұққан соң ауырдым. Одан емделiп, сауықтым. Ендi менде КВИ-ге антидене бар. Маған ендi КВИ жұқпайды. Мен маска тақпаймын, басқаларға менен жұқса, жұға берсiн" деп айтады екен. Осындайларға айтарым: 45-50 күнге дейiн оқшаулан, маска тағып жүр. Басқалардың обалына қалма! Есiңде болсын! Маска тақпасаң өз өмiрiңе де, басқалардың өмiрiне де қауiп төндiресiң! - деп жазды дәрігер.


Оның айтуынша, ауырған адамда КВИ-дiң 1-2 штаммасына ғана антитела болуы мүмкiн. Дәл сол сияқты басқа бiреу КВИ-дiң сіздегідей антиденесі жоқ басқа штаммасын (мутацияға ұшыраған басқа түрiн) жұқтыратын болса, одан аман қалмайсыз. 

Өйткенi КВИ-мен ауырып, жазылғандардың өкпесi фиброздық өзгерiске ұшырайды. Өкпе тіні неше процент фиброзға ұшыраса, сонша пайыз өкпе тіні iстен шығады. Ал сау қалған жерiн коронавирустың мутацияланған жаңа түрi зақымдайтын болса, одан аман қалу мүмкiн емес, - дейді  Дауренбек Нысанов. 

 
Оның айтуынша, коронавирустың ең жаманы бiр адамнан екiншi адамға тасымалданған сайын мутацияланған жаңа түрiне айналып, өзгерiп отырады. Сол себептi, бiреуге жұқтырсаң өзгерген түрi өзiңе қайта жұғуы да мүмкін. 


Оның үстiне, халқымыз жаппай ауырса, экономикамыз да құлдырайды, елдiң жағдайы нашарлайды. Сондықтан осы КВИ iндетiнен құтылу жолын қарастырайық! Алдымызда әлi күз бар, қылышын сүйреткен қыс бар. Күн суытқан кезде тұмау, грипп эпидемиясына КВИ қосылса, аман қалу екi талай. Егер бiз КВИ-дi жұқтырмау шараларын дұрыс қолдана бiлсек, аман қаламыз, КВИ-дi жеңемiз, - деп жазды дәрігер.


#коронавирус #медицина

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.07.2020
11.07.2020
05.07.2020
01.07.2020
25.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930