USD 518.57
EUR 566.59
RUB 6.05
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркістанда ерекше мурал салынды

  • 14.июля.2020, 18:00,
  • 528

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған "Түркістан - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен жас облыс орталығында адалдық құндылығына негізделген "Әділ сөйлеп, адал жүр" атты жаңа мурал салынды.

Түркістан қаласына қарасты "Отырар" ықшам ауданындағы  көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған муралда қазақ даласының төл перзенті, түркі халықтарының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың бейнесі кескінделген.

Көз тартар композицияның негізгі ерекшелігі - биіктігі 15 метрді құрайтын мурал ұлы ақынның  "Әділ сөйлеп, адал жүр" деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған.  

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың айтуынша, бұл жаңа композиция қала тұрғындарының арасында  әділдік пен адалдық қағидаттарының кең дәріптелуіне  және өскелең жас ұрпақтың өнегелі жолға бағыт бұруына негіз болмақ.

Ахмет Ясауи бабамыздың ғибратты асыл сөздерінен бастау алған бұл келелі бастама, алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалаларда өз жалғасын табатын болады.



#мурал #түркістан #қожаахметяссауи

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
24.06.2020
21.05.2020
05.05.2020
24.06.2019
19.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930