"Алдағы 1 шілде күні 55 үйдің құрылысы толық аяқталып, 100 үйдің шатыры жабылып бітеді деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс қарқыны бір сәтке де бәсеңдеп отырған жоқ. Мердігер мекемелер екі кезеңде жұмыс істеуде. Яғни, күндізгі және түнгі ауысымда жұмыстарын жалғастыруда. Әзірге құрылыс материалдарынан немесе құрылысшылардан тапшылық орын алып отырған жоқ",- дейді Мақтаарал аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бижан Анарбеков.
Қазіргі таңда 386 үйдің құрылысы жүргізілуде. Соның 46-сында ішкі әрлеу, 54-інде шатыр жабу, 239-ында қабырға қалау, 77-сінде бірінші жаппасын жабу, 10-ында іргетасын қалау жұмыстары жалғасуда. Жаңадан салынып жатқан 386 үйдің 196-сы үкіметтік резервтен, ал 190-ы қорлар есебінен бой көтеруде.