USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада ұзақ жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған үлескерлердің мәселесі шешіледі.

  • 07.июля.2020, 23:30,
  • 392

Биыл елордада 8 мың адам әлеуметтік тұрғын үймен қамтылады

Шілде айында кезекте тұрған 1200 қала тұрғыны баспана кілтін алады. Олар: тұрмысы төмен азаматтар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрғандар.

"Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй көлемі үш есе артады. Кезекте тұрған сегіз мың пәтер беріледі. Әлеуметтік жағынан осал топтағы, аз қамтылған қала тұрғындары, жетім балалар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар, зейнеткерлер, көпбалалы және т.б. жандар пәтерге ие бола алады. Карантин кезінде құрылысшылармен онлайн-кеңестер өткіземіз, жұмыс уақыты қадағаланады, әрқайсысымен жеке жұмыс істейміз. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз. Тұрғын үй кезегін барынша жеделдетуге тырысамыз. Сонымен қатар биыл коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, полиция қызметкерлері пәтер алады. Сондай-ақ биыл алдағы жылға дайындық жүргізілуде", – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Биыл ұзаққа созылған құрылыс себебінен жылдар бойы күтуге мәжбүр болған 8 мың үлескер өз пәтерлерін алады.

#пәтер #үлескер #құрылыс #нұр-сұлтан

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
18.11.2019
18.10.2019
20.09.2019
03.09.2019
27.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930