USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде 5-20-25 бағдарламасымен жаңа баспана беріледі

  • 18.қараша.2019, 09:00,
  • 450

Қазақстанда баспананың қолжетімді болуы үшін тағы бір бағдарлама енгізіледі, мұнда басты шарт қазақстандықтардың табыс деңгейі болады. Бұл туралы индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. 

Үкімет 2020-2025 жылға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады.


"Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың" бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы - 29,7 мың теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі", - деді Атамқұлов. 


Оның айтуынша, "Бақытты отбасы" бағдарламасы кезектегілерге қолжетімді болып қала береді, олардың санатына кіретіндер - екі күнкөріс минимумы - 59,4 мың теңге табысы бар көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар. 


"3,1 күнкөріс минимумы - 92 мың теңге табысы бар кезектегілер "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер болады, олар - әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер. 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар тұрғындарға "7-20-25" бағдарламасы қолжетімді", - деді Атамқұлов. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : Tengrinews.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031