USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Павлодар облысында ресейлік цирк әртістері еліне қайта алмай жүр

  • 04.июля.2020, 12:14,
  • 356

Карантин режимі Новосібірлік цирк труппасының шығармашылық жоспарларына өзгерістер енгізді. Шектеу шаралары салдарынан әртістер үйлеріне орала алмай отыр

Қазір Павлодар облысының тұрғындары Успен ауданында тұрып қалған цирк труппасы мен жануарларға көмек көрсетіп жатыр. Новосібірлік цирк қызметкерлері екі апта бойы арнайы көлікті күтіп отыр. Бірақ ұжымның оған төлейтін қаржысы жоқ.

Мамандардың айтуынша, көлікті жалдауға 50 мың рубль керек. Жергілікті тұрғындар қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, жануарлар үшін бірнеше вагон ұсынған. Сонымен қатар оларды құрғақ азық-түлікпен қамтып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарадан өтуге дайындық жұмыстары басталды.

"Жергілікті шаруа қожалығымен жануарларды орналастыру туралы алдын ала келісіп қойдық. Келесі аптада төрт аяқты әртістер үшін көлік қарастырып, Новосібірге жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Әр жануардың құжаты бар. Шекарадан өтуде қиындық туындамайды. Цирк ұжымына тек қаржылық қолдау керек. Себебі директорлары уәдесін орындамай, труппаны тастап кеткен", - деді Успенка ауылының әкімі Сергей Саламатский.


#цирк #павлодар #новосібір #шектеу #карантин 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.07.2020
14.05.2020
19.03.2020
23.09.2019
24.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930