Күдіктінің әкесі Азат Азаматовтың полицияның экс-қызметкер деген мәлімдемесін жоққа шығарды.
"Ұлымның ішімдік ішкеніне күмәнім бар. Карантин кезінде күндіз-түні, 18-19 күннен жұмыс істеді. Таңғы бесте қалғып кетуі мүмкін. Ұлым қолымен істегенін мойнымен көтереді. Алайда оқыс оқиғаны қасақана жасаған қылмыс деп жала жабуға болмайды. Ешкім олай жасамайды. Қайтыс болған жігіт баласының шілдеханасына шақырған екен. Екеуі араласқан. Сөйте тұра, қалай қылмысқа барды деп ойлайсыздар. Қасындағы жолдасына қасқыр да қастық қылмайды. Бұл оқыс оқиға ғой. Қайтыс болған азаматтардың ата-анасына, туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - дейді әкесі Талғат Мұқашев.