USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Полиция 14 адам зорлаған іс туралы

  • 13.қыркүйек.2019, 12:00,
  • 563

Полицейлер Қостанай облысындағы ауыл тұрғыны айтқан топ болып зорлау әрекетінің 14-інші қатысушысын іздеп жатыр. Қалған 13-інші қыз босанған баланың әкесін табу үшін ДНҚ-тестті қайта тапсырады.

"Біз мүмкіндігімізше генетикалық сараптаманы жалғастыра береміз. 14-інші күдіктіні іздеп жатырмыз. Іс былтырдан бері өз бақылауымда. Мұнымен тергеу тобы айналысып жатыр. 13 адамның бәрі де ауыл тұрғыны. Бұл кішкентай ауыл, жігіттердің бәрі сол ауылдан. 14-шісін көрші ауылдардан іздейміз. Қыз бала Алматыға оқуға барып қайтқан, туыстарының үйінде тұрыпты. Кей тергеу амалдарын Алматыда да өткізу керек болатын шығар. Бала өсіп жатыр, адвокаттар баланың әкесін табуды талап етіп отырғаны түсінікті", - дейді Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов. 


Оның айтуынша, қыз бала қазір ауылда, ешқайда жұмыс істемейді және оқымайды.


Зардап шеккен қыз 13 ер адамның бір жыл бойы оны зорлап келгенін айтқан екен. Ол 14-інші зорлаушы туралы хабарлағанда қыз тойда болған. Той кезінде аз уақытқа жоғалып кетіп, кейін қайта оралған. Қыздың айтуынша, осы уақыт ішінде құқық бұзылған. 


"Біз той қонақтарынан жауап алдық. Денесінде жарақаттар болды ма? Жоқ. Киімі де бүлінбеген. Қайтып келіп, бәрімен бірге көңіл көтерген, медициналық көмек сұрамаған. Ешқандай дәлелсіз бұл ер адамды 8 айдан соң тұтқындай алмаймыз. Сараптама жасауға да келмейді, соққы іздері де жоқ. (...) 13 жігіттің бірі қызбен бірнеше рет байланыста болғанын айтты. Бірақ бәрі ерікті түрде болғанын жеткізді", - деді Аймағамбетов. 


Айыпталушылардың кейбірінде алиби бар екен. Бірі зорлау ісі күні Арқалықтағы тойда, екіншісі Нұр-Сұлтанда жұмыста болған.

скачать dle 12.0
Фото авторы : tengrinews.kz
Тағы да оқыңыздар:
27.08.2019
21.08.2019
02.08.2019
25.07.2019
15.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930