USD 493.36
EUR 572.84
RUB 6.29
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Таразда жаппай төбелес кезінде 15 жастағы жеткіншек көз жұмды

  • 16.июня.2020, 10:30,
  • 980

Таразда жаппай төбелем салдарынан 8 сынып оқушысы қайтыс болды. 15 жастағы жеткіншек сегіз рет пышақталған екен. 

Марқұмның туыстыры іске қатыстылардың жаза тартқанын қалайды. Шабуылдаған 16 адам ішінен тек біреуі кінәсін мойындады. Күдікті ұсталып, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.


"Алдымызға келсе, кішкентай да болса ашуымыз басылып, кішкентай да болса, қайғымызға ортақтасқанда шеріміз тарқар еді. Бірақ ондай іс-әрекет көрмедім", - дейді марқұмның әкесі Бейсенбай Құтышев.

Оралбек Кедебаев төрт досымен бірге 16 адамға қарсы шықты. Арасында өздерінен бірнеше жас үлкендері де болыпты. Төбелеске қатысушылардың айтуынша, қарсыластары марқұмды пышақтаған соң қашып кеткен.

Көп қан жоғалтқан жасөспірімді дәрігерлер құтқара алмады. Ал тәртіп сақшылары осы іске қатысты тек 16 жастағы бір күдіктінің ұсталғанын айтады.

"Қазір төбелеске қатысушылардың бәрі анықталып, жауап алынды. Аталған дерекпен Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді Жамбыл облыстық полиция департаменті.

скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз
Тағы да оқыңыздар:
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031