USD 511.59
EUR 575.28
RUB 6.33
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматының бас полицейі Ксения Ашығалиева ісі жайлы

  • 31.июля.2019, 20:00,
  • 668

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев әнші Ксения Ашығалиеваның ісіне қатысты тергеу шаралары туралы айтып берді.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 110-бабы (қорлық көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ПД тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігімен (бас бостандығынан заңсыз айыру) қосымша іс қозғады. Бауыржан Ашығалиев уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Жақын арада оған қатысты бұлтартпау шарасы қабылданады»,- деді Серік Күдебаев.


ПД басшысы тергеу жұмыстарының объективті өтуіне кепілдік беретінін атап өтті.


«Қылмыс болған жер - үйдің жертөлесі тексерілді. Дәлелдер базасы жиналды. Бетпе-бет кездесулер ұйымдастырылды. Ашығалиеваның өтінішімен төбелеске араша түскен куәгерден жауап алынды. Сол кезде қасында болған күдіктінің досы да жауап берді. Ол іске куәгер ретінде қатысады. Тергеудің осы кезеңінде Ксения Ашығалиеваның айтқандарын бәрі растап отыр. Айыпты адамдар міндетті түрде жазасын алады», - деді Серік Күдебаев.


скачать dle 12.0
Фото авторы : zakon.kz
Тағы да оқыңыздар:
31.07.2019
30.07.2019
25.07.2019
12.07.2019
14.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031