Күдіктінің 1994 жылы туған азамат екендігі анықталды.
"Бұл жігіт қарсыласы – 37 жастағы Ж.есімді ер адамның аяғына пышақ сұққан. Сөйте тұра қылмыс орнынан қашып кеткен. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр", – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.