"Жаңа айыптау үкімімен Н.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігімен 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал ҚК-нің 121-бабының 1-бөлігімен 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігін басшылыққа алып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Н.-ға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген үкімде.
Моральдық зиянды өтеу туралы жәбірленушінің қойып отырған азаматтық талап қою арызы сот алқасымен ішінара қанағаттандырылып, жәбірленушінің пайдасына сотталған Н.-дан 1 000 000 (бір миллион) теңге өндірілгені айтылады.