USD 473.13
EUR 554.08
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағандыда бала өліміне себепші болған батуттың иелері сотталды

  • 24.желтоқсан.2019, 15:30,
  • 532

Қарағандыда орталық саябақта қатты желден аударылып, бала өліміне әкеп соққан батуттың иелеріне сот үкімі шықты.

24 желтоқсанда Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында аударылған батут ісі бойынша айыпталушыға үкім шықты. Судья Арғын Құтышев Қарағанды қаласының орталық саябағында төңкерілген батуттың иелері, ерлі-зайыпты Тәкішевтерге үкім шығарды.


20 желтоқсанда сот жарыссөзі өтіп, прокурор Ерлан Тәкішевке - 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, Әлия Тәкішеваны - 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Мемлекеттік айыптаушы бұл ретте ерлі-зайыптылар қазір үш бала тәрбиелеп отырғанын жеңілдететін жағдай ретінде ескерді. Сондай-ақ, прокурор соттан айыпталушылардан 2 миллион теңге өндіріп алуды сұрады. Сонымен қатар Ерлан Тәкішевті "майор" атағынан айырып, ерлі-зайыптыларға бес жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салуды өтінген.


Бүгінгі сот үкіміне сәйкес Ерлан Тәкішевке 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал оның жұбайы Әлия Тәкішева 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алайда оны кіші баласы әлі 14 жасқа толмағандықтан, ол өз жазасын тек 5 жылдан кейін өтейді. Сонымен қатар, айыпталушылар зардап шеккен тарапқа моральдық залал төлеуі тиіс.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.12.2019
01.11.2019
26.09.2019
12.09.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930