USD 510.59
EUR 578.91
RUB 6.37
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

  • 12.қыркүйек.2019, 12:30,
  • 632

Педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Қылмыстық кодексте аса ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейтуге қатысты нақты өзгерістер мен толықтырулар бар.


Сексуалдық сипаттағы зорлау фактілері ауыр қылмыстардың санатына енгізіледі. Балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы барлық қылмыс үшін жаза күшейтіледі. Ал жас балаға қатысты зорлау әрекеті үшін өмір бақи бас бостандығынан айыру немесе 20 жылдан кем емес уақытқа бас бостандығынан айыру жазасы болады.
Енді кәмелет жасына толмаған баланы зорлау фактісін жасыру және педофилияның ауыр фактілері туралы хабар бермеу үшін жаза беріледі. Ауыр қылмыстар санатына жатқызылатын мұндай заңбұзушылықтар үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Жаңа заң жобасын Үкіметке 2019 жылдың соңына дейін енгізілмек.
скачать dle 12.0
Фото авторы : ашық дереккөз Авторы:
Тағы да оқыңыздар:
03.09.2019
02.09.2019
05.08.2019
29.07.2019
26.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031