Заңгер Айдынғали Табылдиев мұндай болжамды полиция мәліметіне сүйеніп айтқан. Себебі видео авторы бұрын да сотталған.
"Видео кейіпкерінен иір ойықты мылтық емес тегіс ұңғылы қару табылғандықтан бұл - 287-баптың 3-бөлігі. Бұл бап бойынша айыппұл мен бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ ол пробациялық бақылауда болғандықтан 2017 жылы бес жылға сотталған, жазаны ауыстыру қарастырылады. Сондықтан ол кез келген жағдайда аталған бап бойынша бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, оның жазасының өтелмеген бөлігі де қосылады. Осылайша әжептәуір уақытқа бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді сарапшы.
Нұр-Сұлтан қалалық сот мамандары 17 желтоқсанда жазаны ауыстыру жайлы материал қарастырылатынын айтты.