Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының №2 аудандық соты жәбірленушінің жеке шағымына байланысты үкім шығарған. Жолсерік Қолқанат Құрманиязовтың әкесі жәбірленушіге жала жапқаны және жеке басын қорлағаны үшін сотталған. Оны алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттеген.
"Не молчи" қорының жетекшісі сот шешіміне наразы екенін жеткізді. Ол сот айыпталушылардың туыстарымен болған сұхбаттың бейнежазбасын алып тастауды міндеттемегенін атап өтті. Екінші жолсеріктің жұбайы да бастапқыда жала жапқаны үшін істі болса да, кейіннен ақталып шыққан.