Бұл туралы әнші Әбубәкір Ужазов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Сене алар емеспін. Ардақты ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...", - деп жазды ол.
Суық xабарды марқұмның ағасы мен әншімен жұмыс істеген Сиви Маxмуди да растады.