USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бейбіт митингілер арнайы рұқсатсыз өтілетін болды

  • 20.мамыр.2020, 12:00,
  • 424

Қазақстан Парламенті митингілер туралы жаңа заң жобасын қабылдады. Енді биліктен рұқсат сұраудың қажеті жоқ, тек жергілікті атқарушы органға хабарлау керек.

Бүгін Мәжіліс депутаттары "ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдап, дауыс берді.

"Заңнама және сот, құқықтық реформа комитеті аталған заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарап шығып, мына жайларды атап өтеді. Атап айтқанда республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар әкімшілік орталық аудандарында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың арнайы орындарының міндетті санын белгілеу, тұрмыс-тіршілік нысандарының, көлік пен өзге де инфрақұрылымның жұмыс істеуінің бұзылуы, азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру сияқты бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту негізін алып тастау ұсынылады. Өйткені мұндай кедергілерді билік нақты әрі арнайы орынды белгілеу кезінде ескеруі және олардың алдын алуы тиіс", - деді Заңнама және сот, құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Қанат Мусин Мәжілістің жалпы отырысында.

Парламент бейбіт жиналыстарды өткізу туралы хабарлама рәсімін енгізеді. Ол бойынша, жиын ұйымдастырушысы жергілікті билікке хабарлау жеткілікті. Бірақ хабарламаның тағы бір нысаны қолданылады - келісім бойынша өтініш. Оның басты айырмашылығы қатысушылардың қозғалыс бағытын, оның басталу және аяқталу нүктелерін, ұзындығын, көлік құралдарын пайдалану туралы мәліметтерін көрсетеді.

скачать dle 12.0
Фото авторы : vlast.kz
Тағы да оқыңыздар:
26.02.2020
17.02.2020
05.01.2020
18.10.2019
28.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930