Әлеуметтік желіде таралған видеода әскери КамАЗдар мен әскери қызметшілер және бір топ бейбіт адамның жиналғаны көрсетілген. Видео авторы кадр сыртынан "ереуіл басталды" деп хабарлады.
"Оқиға Әуезов ауданында болған. Видеода Қордайдан келген сарбаздарды туыстары күтіп алып жатқаны түскен", - деді қалалық Полиция департаментінен.
Полиция "ереуіл" туралы жалған ақпарат таратқан адамды анықтады.