Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қарашада 15:00-де "Заходи" кафесінен полицияға қоңырау түскен. Көңіл көтеру орталығында төбелес басталған. Оқиға орнына патрульдік полиция жөнелтілген. Күдіктілердің бірі кафеде келушіні ұрып-соққаны анықталды.
"Қаладағы Алматы аудандық № 3 полиция бөліміне төбелеске қатысқан үш адам жеткізілген, олар мас болған. Полиция бөліміне жеткізілген уақытта олар қарсылық білдіріп, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бағынбаған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") және ҚР ҚК 378-бабы ("Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.