USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытай елшісі Сайрагүл Сауытбайды Отанын сатты деп сынады

  • 07.наурыз.2020, 16:00,
  • 767

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо Facebook парақшасында Сайрагүл Сауытбайды тілге тиек етті. Онда этникалық қазақ ие болған "Батылдық үшін" халықаралық сыйлығы сынға алынды. 


Чжан Сяо АҚШ-тың Сайрагүл Сауытбайды марапаттауы барып тұрған арандатушылық екенін айтады. Елші халықаралық шараны Вашингтонның пиғылы мен шынайы мақсатын көрсеткен циркке теңеді.


"Вашингтон соңғы жылдары Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы терроризм және экстремизмге қарсы күресте қол жеткізген зор жетістіктерімізді елемей, Қытайға жала жауып, түрлі қауесет таратып, ШҰАА мәселесін көтеріп келеді. Ондағы мақсат – өңірді, соның ішінде ШҰАА-ны этникаралық, ұлтаралық қантөгіс аймағына айналдыру, бір-бірімен араздастыру, ақырында Қытайдың түбіне жету", - деп жазды ол.


Алайда, оның айтуынша, АҚШ-тың әрекеті сәтсіздікке ұшырап жатыр. ШҰАА қауіпсіз, тұрақты, көркейген аймаққа айналған, барлық ұлт өкілдері бейбіт ғұмыр кешіп келеді. Кәсіби оқу орталықтарын бітіргендер жұмысқа орналасып, ақша тауып жүр, яғни қоғамға қауіп төндіріп тұрған жоқ, деп жалғастырды ол.


"Орталықтар Қытайдың экстремизммен күресу үшін ойлап тапқан сәтті жобасы екенін тәжірибе көрсетті", - деді Сяо.


Қытай елшісі "АҚШ осы марапат арқылы өзінің идеологиялық вирустың ең үлкен көзі екенін тағы бір мәрте көрсетті" деді.


"Қазақстанда да, Қытайда да қылмыскер деп танылған "батыр әйелге" қатысты, бұл жерде қандай батылдық туралы айтуға болады? Оның батылдығы – өз Отанын сату, өзі мен отбасын асырап баққан елді қаралау. Егер онда қандай да бір батылдық болса, ШҰАА-дағы кредиттік қарызын неге өтемейді? Ол өзінің геосаяси цирктегі рөлін лайықты бағалай алмайтыны өкінішті", - деп жазды елші.

скачать dle 12.0
Фото авторы : mfa.gov.kz
Тағы да оқыңыздар:
04.03.2020
12.02.2020
28.01.2020
23.09.2019
23.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930