Апат болған ұшақтың куәгері ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың денесі жер қойнауына тапсырылды. Оны ақтық сапарға достары шығарып салды. 54 жастағы марқұмның қазасына жиналған қауым ұшқышты өз ісін сүйетін, еңбекқор әрі ақкөңіл адам болатын дейді.
"Мектептен соң Ақтөбенің ұшқыштар училищесін бітірген. Содан ұшқыш болды. Алматыда қанша жылдан бері ұшқыш болып істеген. Жұмысын қатты жақсы көретін. Отбасына адал, бала-шағасына қарайтын. Жора-жолдасқа да адал жігіт болды", - дейді Молдақұловтың сыныптасы Нұржамал Қасымова.
Марқұмның артында жұбайы мен екі қызы қалған. Бұл отбасына Bek Air тарапынан көмек көрсетіле ме, ол жағы әзірге белгісіз. Себебі, компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов тілшілерді итеріп, тұра қашты.