USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Bek Air апаты: пилоттың жақындары сұхбат берді

  • 14.қантар.2020, 18:00,
  • 425

Bek Air ұшағы апатынан қаза тапқан пилот Марат Мұратбаевтың қарындасы Сәуле Мұратбаева тұңғыш рет сұхбат берді. Ол сұхбатында бауыры жайлы айта отырып, апатқа қатысты пікірін білдірді.



Мұратбаеваның айтуынша, отбасында төрт бала болған. Марат тұңғышы болған, сондықтан ол барлық жауапкершілікті өз мойнына алған.


"Біз Қызылорда тумасымыз, отбасымызда төрт бала болдық. Ата-анамыз жұмысқа кетіп қалғанда барлық жауапкершілікті Марат өз мойнынан алайтын. Мектепте жақсы оқитын, маған үнемі көмектесіп жүретін, барлығының сабағына көмектесетін. Мейірімді, ұстамды, жауапкершілігі бар адам еді, музыкамен айналысатын. Пианинода, гитарада ойнайтын. Достары да көп болатын. Шетелге көп баратын, тілдерді үйреніп жүретін", -  дейді Сәуле Мұратбаева.


Оның айтуынша, бауыры кішкентай кезінен ұшқыш болуды армандаған. Мектепті бітірген соң Ақтөбедегі Азаматтық авиация училищесін бітірген. 


Сәуле Мұратбаеваның айтуынша, бауырының артында екі баласы қалды. Ұлы - 34 жаста, қызы - 30 жаста. 


"Барлығымыз бұл іс немен аяқталады деп алаңдап отырмыз. Апаттың бірнеше нұсқасы айтылып отыр. Мен үшін ағам батыр болып қала береді, себебі ол бірнеше адамды құтқарып қалды. Жерлеу рәсіміне барлық әріптесі келді. Марат қолынан келгенін жасады деп ойлаймын. Комиссияның не шешетінін білмеймін. Бірақ мен командир кінәлі екеніне сенбеймін.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.12.2019
22.11.2019
26.09.2019
13.09.2019
13.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930