Оның жағдайы қалыпты.
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның өміріне де, денсаулығына да ешқандай қауіп жоқ.
"Науқастың денсаулығы алаңдаушылық тудырмайтындықтан ол үйіне жіберілді. Бірақ медицина мамандарының бақылауында болуды жалғастырады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ер адамның құрсақ қуысына ота жасалып, сәтті өткен. Абырой болғанда, жарақат терең болмаған. Оған алдыңғы құрсақ қабырғасының жаралануы диагнозы қойылған.
Қазір жәбірленуші тергеушіге куәлік беріп, сол күні бастықтың кабинетінде не болғанын айтуда. Ол және оның жетекшісі Қылмыстық кодекстің 24-99 бабы "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша зардап шегуші болып танылған.
Ал 52 жастағы "Қазақмыс" корпорациясының тау-кен өндіру кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұловтың жағдайы ауыр. Ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Төбелес кезінде оған пышақ арқасынан тереңге қадалған. Дәрігерлер 52 жастағы науқасты қалыпты өмірді қолдайтын құрылғыларға қосқан.