USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Bek Air апаты: зардап шеккен алты адам ауруханадан шықты

  • 14.қантар.2020, 09:00,
  • 508

Алматы маңында құлаған Bek Air әуекомпаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағының апатқа ұшырау салдарынан зардап шеккен тағы 6 адам бүгін ауруханадан шықты.

Олардың барлығының қазір жағдайы бірқалыпты, енді емін үйлерінде жалғастыратын болады, деді бүгін журналистерге арнайы брифинг өткізген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері. Алайда әлі 9 адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында болады. Зардап шеккен тағы үш кісі Нұр-Сұлтан қаласындағы ғылыми орталықта ем қабылдап жатыр. Ал, балалардың барлығы да үйлеріне шығарылған. Сондай-ақ қан тамырларына қатты зақым келіп, дәрігерлерді алаңдатқан нақастың да жағдайы оңалып, үйіне жіберілді. Ол біраз уақыт өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатқан болатын. 


"Ол науқастың жағдайы қазір бірқалыпты. Жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылған болатын. Бүгін үйіне шығарылды. Бас дәрігерге хабарладық, енді амбулаторлық ем қабылдайды", - дейді қоғамдық денсаулық басқармасы жетекшісінің орынбасары Әсел Бисембаева.  



скачать dle 12.0
Фото авторы : 24.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930