Оған шабуылды "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Минигуловтың арқасына пышақ жарақатын салған. Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған.
"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған.
"Сосын, куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М.Минигулов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД.